24.03.2023 _ 14:30

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның ескі нормасы жаңа сипатқа ие болды - ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына түзетулерді сараптамалық талқылау өтті. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры Марғұлан Әбдікәрімов негізгі жаңашылдықтарды түсіндірді.

Тұжырымдамалық түзетулердің бірі кондоминиум объектісін басқарудың жеке формасын құруға қатысты - тікелей бірлескен басқару.

«Мұндай норма «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңда 2019 жылға дейін болды, ескі редакцияда пәтер саны 20 болды», - деп спикер қазіргі кезде шектеу 16 пәтерді құрайтынын атап өтті.

Бұл ретте пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, аз пәтерлі көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері, яғни 16 пәтерге дейін кондоминиум объектісін басқару формасын еркін таңдап, ауыстыра алады.

Сонымен қатар, М. Әбдікәрімовтің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша КПТҮ жалпы санынан шамамен 50%-ы кондоминиум объектілері тіркелген.

«Тұрғындардың енжарлығына байланысты кондоминиум объектісін тіркеуді жеңілдету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға осы рәсімге бастамашылық жасауға мүмкіндік беру ұсынылады», - деді М.Әбдікәрімов.