Спикер акцияны өткізудің мәні мен маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл акция 1991 жылы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою туралы конвенциясы аясында басталды және зорлық-зомбылықпен күресте мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды және азаматтарды біріктіруге бағытталған.
«Кампания күндерінің таңдалуы кездейсоқ емес: ол 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес күні мен 10 желтоқсан – Адам құқықтары күнін біріктіреді. Негізгі идея – оның қандай түрі болса да, зорлық-зомбылыққа қарсы барлық адамды біріктіретін жаһандық қозғалыс қалыптастыру», – деді ол.
Сондай-ақ спикер кампанияның халықаралық символы қызғылт сары түс екенін атап өтті.
«Бұл түсті БҰҰ зорлық-зомбылық пен кемсітусіз жарқын болашақтың және үміттің символы ретінде таңдады. Ол жылылықты, жарықты, энергияны және қауіпсіздікті білдіреді», — деді Роза Бекишева.