Алғаш рет барлық балаларды тексеру барысында ЭКГ аппараттары, фонендоскоптар, пульсоксиметрлер, отоскоптар, ауыз қуысыішілік камералар және жасанды интеллект технологияларын қолданатын басқа да цифрлық диагностикалық құрылғыларды кеңінен пайдалану жоспарлануда.
2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тіркелімі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың қатарында профилактикалық тексеру, қауіп факторларын анықтау, медициналық маршрутты қалыптастыру, бейінді маманға жолдау және динамикалық бақылау бар.
Сондай-ақ денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау аяқталды. Бұл оқушылардың оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулер, вакцинациялау және денсаулық топтары туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.