Сәтбаев қаласында «Таза қала – жарқын болашақ» атты жастар челленджі өтті. Іс-шара барысында жастар қала тазалығын сақтаудың маңыздылығын насихаттап, қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырды. Қатысушылар «Таза орта – жарқын болашақ!», «Тазалық өзімізден басталады» ұрандарын қолдап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында белсенділік танытты.
Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аллея» челленджі ұйымдастырылды. Шара барысында жастар аллея аумағын тазалап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты.
Экологиялық акциялардың негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дәріптеу және қоғам назарын тазалық мәселесіне аудару.