20.03.2026 _ 09:00

Әр қимылда – дәстүрдің күші

Наурызнама аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт тек күш пен төзімділікті сынамайды. Ол – халықтың өмір салты мен болмысын, танымы мен рухын танытатын құндылық.

Бағзы замандардан бері көшпенділер ептілікпен қатар ой ұшқырлығын да жоғары бағалаған. Бүгінде ұлттық спорт түрлері жаңаша серпін алып, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, дәстүрдің мәнін тереңдете түсуде. Тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар, қазақ күресі, жамбы ату – соның айқын дәлелі. Бұл – тек өткеннің ізі емес, алға жетелейтін рухани күш.