Құрал асханаға баруды тіркеу арқылы тамақ алу фактісін автоматты түрде есепке алуды қамтамасыз етеді. Жеткізушілермен есеп айырысу тек нақты берілген тамақ үшін жүргізіледі. Бұл мектепке келмеген балалар үшін қаражат есептеуді болдырмайды. Жеңілдік алу құқығы мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерімен интеграция арқылы расталады. Ата-аналардың деректерді өңдеуге келісімі болған жағдайда ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.
Алушылар санаты өзгерген жоқ. 1-4 сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін тамақ алады. Жоғары сыныптарда жеңілдік жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де санаттарға беріледі.
Мектептер аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықталып, «Бизнес-әмиян» қосымшасына қосылды. Жабдықтау жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады. «Әлеуметтік әмиянды» қолдану есептің ашықтығын қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған.