13.03.2024 _ 16:50

Баланы балабақшаға кезекке қоюдың жаңа моделі пилоттық режимде іске асырылуда

Мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерін жою мақсатында кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жоба қазіргі таңда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылуда.

Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба аяқталған соң кезектілікті есепке алудың Бірыңғай базасы еліміздің барлық аумағында қолжетімді болады.