08.02.2023 _ 17:31

Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Бұл туралы ҚР ТЖМ Telegram-арнасы хабарлады.
фото МЧС РК

Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды. 

Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады.