11.12.2022 _ 09:27

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары 132 жаңа автокөліктің кілтін иеленді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту мен нығайту үшін шаралар қабылдауда.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық органдары 132 жаңа автокөліктің кілтін иеленді

Биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін 132 бірлік арнайы автокөлік сатып алынды.

Автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі Алматы қаласында өтті.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және дамыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына деген сын-қатерлерге уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.