11.05.2022 _ 16:33

Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министру Асхат Аймағамбетов хабарлады.
Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Келісімнің басты бағыттары:

- Оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы.

- Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу.

- Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру.

- Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу.

- Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

- Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.

Сондай-ақ сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін Халықаралық Түркі академиясының Ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.

https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10220040696303965