08.08.2026 _ 17:49

Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады

Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.

Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.