22.06.2026 _ 19:47

Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.

– Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз, – делінген жеделхатта.