10.06.2026 _ 20:42

Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Канаданың жаңа Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті нығайтуға бейіл әрі қос халықтың мүддесі үшін тығыз ықпалдастыққа әзір.