06.05.2026 _ 20:47

Мемлекет басшысы стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогі кезеңінде жеңіске жеткен Әсем Орынбайды құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.