31.05.2025 _ 13:14

Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді

Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді фото akorda.kz

Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.

1938-1953 жылдары мыңдаған әйел адам төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын – бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.