31.05.2025 _ 10:59

Мемлекет басшысы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Мемлекет басшысы «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды

Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды. 

Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.