07.06.2023 _ 15:09

Мүгедектердің құқығы туралы конвенцияға факультативтік хаттама ратификацияланды

Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.