23.03.2023 _ 15:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады. 

Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.