26.11.2022 _ 20:12

Президент отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады

Cалтанатты ұлықтау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.
фото с сайта akorda.kz

«Қазақстан» орталық концерт залының сахнасында еліміздің танымал әншілері Роза Рымбаева,  Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова, Алишер Каримов,  Біржан Хасанғалиев, Ұшқын Жамалбек, Тамара Асар, сондай-ақ  «Астана балет» театры, «Contrast», «Terra» би  ұжымдары мен тағы басқа мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.