23.05.2022 _ 14:05

26 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары жоспарланған

26 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады.
26 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары жоспарланған

Екі мемлекет басшылары Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән бере отырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ. Келесі күні, яғни 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады.