Жыл басынан «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 21 127 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді

«Бағдарламаның техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімдегі кәсіби оқумен қамтамасыз ету көзделген алғашқы бағыты аясында, биыл техникалық әрі кәсіби білімі бар 21 мың кадр даярлау және де 70 мың қазақстандықты қысқа аралықта кәсіби оқыту жоспарланып отыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жылдың алғашқы жартысындағы қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен жұмыспен қамту орындарын жұмыссыз ретінде 151,7 мың адам тіркелген. Өңірлік комиссияларда 360-тан астам білім беру ұйымының тізімі бекітіліп, оларда оқытылатын кәсіптер тұрғысында орындар айқындалды. Есептік кезеңде оқуға 921 адам өтініш білдірді. Оқу сабақтары бүгінде қажеттілікке ие кәсіптер бойынша қолға алынады: слесарьлік іс, электрмен жабдықтау, қонақ үй шаруашылықтарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру, мұнай-газ құбырлары мен қоймаларының құрылысы мен қолданысы және т.б. 1 шілдедегі дерекке сүйенсек, 21 127 адам қысқа мерзімді оқуға жіберіліп үлгерді», – деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.
Осы орайда аспаз, тігінші, есепші, шаштараз, электр монтаждаушы, дәнекерлеуші сияқты мамандықтар сұранысқа ие болып отыр екен. Сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе, өңірлердің мамандарға зәрулігі мен мамандану сипатына байланысты, 49 жұмыс берушідегі өндірісте тікелей қысқа уақытта кәсіби оқыту картасы жасалған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жанынан қызмет ететін оқу орталықтарының тізбесі түзілген. Аталған іс-қимыл бағытының артықшылығы сол, тиісті кәсіпорында бірден дағдыларға үйреніп, әрі қарай жұмысқа орналасуға мүмкіндік тумақ. Жалпы, алдағы кезде, ортақ белесті бағындыруға атсалысатын жұмыс берушілер саны өсе түспек. Оқуға келесі мамандықтар арқау болатыны күтілуде: тігінші, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеушілері, даяшы, бармен, электр механигі, техник-механик, аккумулятор маманы, электр монтаждаушы, бетондаушы, дәнекерлеуші, аспаз, токарь мамандықтарына құжаттар қабылданады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика