Жемқорлықпен қоғам болып күресу керек

Орталық коммуникациялар қызметінде қоғам қайраткерлері, сарапшылар – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың сыртқы сараптамасы мен бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобы мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың алғашқы нәтижелерін және топтың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын жариялады.

«Қазақстан бүгінгі таңда жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін аяқтап отыр. 2015-2017 жылдарға арналған жоспардың бастапқы кезеңін біз аяқтадық. Ендігісі, 2018-2020 жылдарға арналған іс-шараларымызға алғашқы қадам бастап отырмыз. Оның алғашқы нәтижесі қоғам өкілдерімен бірігіп, сыртқы, дербес осы жоспарды орындау нәтижелеріне баға беру», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департамент директоры Салауат Муксимов.

Қоғам қайраткері Айгүл Соловьева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның орындалуын бағалап, мемлекеттік қызметті, құқық қорғау органдарын және сот жүйесін реформалауының маңызды қадамдарын атап өтті.

«Соңғы екі жылда біз кәсіби мемлекеттік аппараттарды қалыптастыруда, сондай-ақ мемлекеттік қызмет стандарттарын таратуда – құзыретті іріктеуде, құқық қорғау органдарын меритократия қағидаты бойынша ілгерілетуде үлкен өзгерістерді байқадық. Мысалға, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу құқық қорғау органдарында оқуға түскендердің санын қысқартты (2016 жылы 8640-тан 2017 жылы 6181-ге), бұл қабылданатын кадрлардың сапасының жақсарғаны туралы білдіреді», – деді ол.

«Атамекен» ҰҚК өкілі Мұрат Әбенов мемлекет жалғыз өзі жемқорлықпен күрескенімен жетістікке жете алмайтынын алға тартып, онымен қоғам болып күресу керектігін тілге тиек етті.

«Ол үшін мемлекет өз тарапынан ашық жария түрде жұмыс істеу керек, қоғам соны қолдау керек, сыбайлас жасағандарды сынау керек, таза, шынайы жұмыс жасағандарды қолдау керек. Сонда ғана жемқорлық жолын толық жауып тастамасқ та, санын азайта аламыз», – деді ол.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика