Жемқорлық фактісін тіркеу деректері 18 пайызға төмендеген

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде қоғам қайраткерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бойынша алғашқы жұмыс сатысы қорытындыланды. Бүгінге дейінгі жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар реті таныстырылып, спикерлер қол жеткізген оң нәтижелермен бөлісті. Сондай-ақ алдағы уақытта орын алуы мүмкін өзгерістерді атап өтті.

–  Астана қаласының әкімі Мемлекеттік сатып алуды бір жерге біріктіріп, ашық әрі жариялы түрде өткіземіз деп отыр. Алайда бұл әлі сөз жүзінде, ал іс жүзінде қандай нәтиже беретіндігін бірге бағамдайық,  – деді қоғам белсендісі Мұрат Әбенов.

Спикерлердің бірі Мұсағали Дуамбеков Сингапур, Швеция, Норвегия елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың нәтижелі болуын азаматтық қоғам белсенділігімен байланыстырып, азаматтарды барлық істе белсенді болуға шақырды.

Айта кетерлігі, жемқорлық фактісін тіркеу деректері 2016 жылға қарағанда былтыр 18 пайызға төмендеген. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Салауат Муксимовтың мәлімдеуінше, пара беру оқиғаларын хабарлаған 226 адамға 31 млн.теңге көлемінде сыйақы берілген.

Алдағы уақытта пара алушымен қатар, пара берушінің де жауапқа тартылуы қатаң түрде бақылауға алыну керектігі айтылды.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика