«Жасыл» технологиялар Қазақстанға әлемді экологиялық азықпен қамтамасыз етуге көмектеседі

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» – «жасыл» бастамаларды іске асыру алаңы» туралы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференция өтті. «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды  дамыту коалициясы» басқармасының төрайымы Салтанат Рақымбекова өз жұмысы туралы баяндап берді.

Салтанат Рахимбекова «жасыл» технологияларды енгізу, Қазақстан өнеркәсібін цифрландыру мен модернизациялауда жаңа амалдарды қолдану Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында уақытылы көрсетілді деген ойда. Елбасының 10 тапсырмасы іске асыруға болатын нақты қадамдар. «Жасыл» технологиялар, «жасыл» стандарттар міндетті түрде көлік, құрылыс тіпті ТҰКҚ  модернизациясында қолданылуы керек дегенді алға тартады.

  • Адами капитал. Бұл білім, тағы да білім – ақпараттандыру. Бізде бұл қор

бар. ЭКСПО арқасында жақсы инноватор ғалым-құрастырушыларды жинап алдық. Жақсы «жасыл» экономистер мен экологтарды таптық. Сол себепті бұл тапсырмалар біздің жұмысымызға қарқын береді. Өйткені, біз бірігіп «жасыл» Қазақстанды құрғымыз келеді, – дейді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика