Жасыл» экономика мен G-Global Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды сәтті іске асырады

«Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы қазір Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының қоғамдық провайдері болып табылады. Коалицияның жұмысы мен осы күнге дейін орындалған жобалары Елбасының Жолдауында көрсетілген міндеттермен тікелей байланысты.Баспасөз конференциясына қатысқан «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды  дамыту коалициясы» басқармасының төрайымы Салтанат Рақымбекова, «жасыл» технологияларды кеңінен енгізу, пилоттық жобаларды іске асыруға бағытталған жаңа құралдарды тестілеу, Қазақстандағы кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру бойынша Елбасының Жолдауының уақтылы екендігі туралы өз пікірімен бөлісті.- Төртінші өнеркәсіптік революция – бұл расымен жаңа кезең, цифрлық экономикаға өтудің тарихи уақыты ғана емес, сонымен қатар энергия, жасыл экономиканың қайта жаңғыру көздерінің даму кезеңі, – деді Салтанат Рахымбекова, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» – «жасыл» бастамаларды іске асыру алаңы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында.

Салтанат Рахымбекованың сөзінше жақын уақытта «жасыл» технологиялардың Халықаралық орталығы ашылады. Ол елдің экономикасын дамытуға бағытталған бірден бір инновациялық оралыққа айналады.

– Бізде ондай оң тәжірибе бар – Ақмола облысы Вячеславка орта мектебінде «Арнасай» Жасыл технологиялар орталығында Жасыл технологиялар орталығы жұмыс істейді.  Онда 37 технология көрсетілген. Бұл жай көрсетілетін нысан емес, барлық технологиялар жұмыс істейді. Нысанда коммуналдық төлемдерге соның ішінде, су, жылу және т.б. үнемдеу жасалады.  Энергиясы тиімді технологиялармен байланысты көптеген жобалар дәл осы орталықтан бастау алды, – дейді ол.

Айта кету керек, «Арнасайда» күн коллекторлары мен күн панельдерінің, бірнеше жылдық энергия үнемдейтін жылыжайлар, тамшылатып суару, гидрогель және агроволокно сияқты суды үнемдейтін технологияларды қолдана отырып, органикалық көкөністер өсіріледі.

«Жасыл» экономика мен G-Global дамуы үшін Коалициясы коммерциализацация кеңсесін ашқан. Оларды 20-дан астам қазақстандық инноваторлар қолдаған.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика