«Жастар кадрлык резерві-2017» жобасы іске қосылды

«Болашақ» Қауымдастығы Дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігінің қолдауымен «Жастар кадрлык резерві-2017» республикалық жобасын іске қосты. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау www.rezerv.kz сайтында осы жылдың 12-30 қыркүйек күндері аралығында жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты туралы бүгін  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда «Болашақ» Қауымдастығы Кеңес Төрағасының м.о., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов мәлімдеді. Спикерлердің айтуынша, жобаға әр аймақтан 3 адамнан, жалпы 48 жас іріктелініп алынады. 32 адам ҚР Парламенті Мәжілісінде, ал 16 адам мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді.

Сайыскерлерді ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарынан, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ және бизнес саласының өкілдерінен тұратын арнайы комиссиялар іріктейді. «Жастар кадрлық резерві» жобасы 2009 жылдан бастап жүзеге асырылады. 8 жылдың ішінде жобада 14 мыңнан астам жас қатысты, олардың ішінен 420 адам ашық іріктеуден, тестілеуден, білім беру модульдерінен және кәсіби құзыреттілікке баға беруден өтіп, түрлі ұйымдарда тағылымдамадан өткен.

«Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы м.о. Бахтияр Макен: «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында еліміздің Президенті білімге ерекше назар аударады және басты құндылық білім алу болған жағдайда ұлттың табысқа жететіні туралы айтады. Біздің басты мақсатымыз – осы жобаның көмегімен еліміздің жас ұрпағының ең жақсы әлеуетіне негізделген күшті резерв құрастыру. Жастар игілігіне бағыттаған ресурстар осы секілді бағдарламалар арқылы өз қолданысына ие. Жобаның мақсаты: жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес пен қоғамдық қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа тобын қалыптастыру болады», – деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика