ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 

 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жас медиа» жастар арасында жуналистиканы дамыту жобасының басталуы туралы баспасөз-конференция өтті.

«Zhas Media» – Қазақстан аймақтарындағы жас журналистерді қолдау бойынша бірегей жоба. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауымен «Менің Елім» аймақтық әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Қазақстан жастарының конгресі» ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.

Брифингке «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директоры орынбасары қызметін атқарушы Азамат Данияр, «Samruk-Kazyna Trust» қорының атқарушы директоры Лима Диас, танымал жүргізуші, медиатренер Сәнді Сұлтан және «Жас Медиа» жобасының менеджері Аида Сыздыкова қатысты.

«Жас Медиа» жобасының мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, аймақтық жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмек көрсету, жастардың әлеуметтік белсенділігі арқылы жергілікті жерлердегі азаматтық қоғамды дамыту, жас журналистердің өз жобаларын жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру және жастардың  пайдалы әлеуметтік қабілеттерін жетілдіруге қолдау көрсету.

Жоба дарынды жастардың өз армандарына жетуіне жол ашып, журналистика саласында қалыптасуға тамаша мүмкіндік болмақ.

«Біз аймақтағы қазақстандықтардың өмірін жақсартуға көмектесетін шешімдерге үлкен көңіл бөлеміз, сондықтан Қазақстанның алты облысында жүзеге асырылатын жас журналистерді қолдау жобасы біз үшін өте маңызды. Қазақстанның үздік тренерлері өз жолын жаңадан бастаған журналистерге өздерінің қабілеттерін дамытып, жаңа білім алуға көмектеседі. Ерекше атап өтетінім – жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл компаниялар тобы қатынасқан тоғыз аймақтардағы тұрақты даму бағдарламасы. «Жас Медиа» жобасы бұл бағдарламаның маңызды бөлігі болмақ. Сонымен қатар, бұл жобаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттеріне жауап беретіні маңызды. Жаңа заман сын-тегеуріндері әрқайсымыздан өсу мен дамуды талап етеді – «Жас медиа» жобасы аясында біз дәл осындай жұмысты жүргіземіз, – деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының атқарушы директоры Лима Диас.

«Дәл осы жоба үшін біз жастарға журналистердің практикалық қабілеттерге және жаңа да қызықты медиажобаларды жазып, шешендік өнердің негіздерін меңгеруге үйрететін арнайы бағдарлама дайындадық. Журналистика саласында қалыптасқысы келетін жастар өз жолдарын бастағаннан-ақ әлем мойындаған беделді BBC, CNN сияқты арна журналистерінің деңгейінде жұмыс істеу қажеттігін түсінуі керек. Сонда ғана біздің ақпараттық контенттің сапасы өсетін болады. Сонымен қатар, менің ойымша, журналистика негіздерімен бірге жастарға журналистика мәдениеті мен этикасын дағдыландыру қажет. Бұл да біздің еліміздегі әлі дамытуды қажет ететін бағыт. Жобаның журналистика саласын дамытып қана қоймай, жастар арасында көптеген қызықты жандар мен қоғамдық пікір көшбасшыларын айқындауға көмектесетіне сенімдімін», – деп бөлісті өз ойымен танымал тележүргізуші Сәнді Сұлтан.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика