Жас күйші Елбасыға күй арнады  

 

Астананың туған күніне күй тарту. Ғаламат Бейсеқожа «Атадан мұра» күйін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арнаған.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Астананың туған күніне орай «Атадан мұра» күйінің тұсауы кесілді. Күй авторы Ғаламат БЕЙСЕҚОЖА туындыны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады. Ғаламат Бейсеқожа Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы. Алғашқы туындыларын 11 жасында шығара бастаған. Күрделі тақырыптарды тербеген күйші бүгінде 20-ға жуық күйдің авторы. «Абай толғауы», «Махамбет» сынды тұлғаларға күй арнаған Ғаламат Бейсеқожа, кезекті туындысын Елбасының алдында орындауды армандайды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жас күйшінің «Атадан мұра» атты күйтабағының тұсауы кесілді. 2017 жылдың қыркүйек айында Мәскеу қаласында «Атадан мұра» шығармашылық кешін өткізу жоспары бар екенін айтып өтті шараға қатысқан «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының төрағасы Айдар Қырықбайұлы.

16 жастағы күйші-композитор Ғаламат Бейсеқожа Республикалық «Жас Дарын», «Махамбет оқуы» атты байқаулардың Бас жүлдесімен марапатталып, Қаршыға Ахмедияров атындағы сыйлықтың иегері.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика