Жаңа оқулықтардағы өзгерістер – оқыту тәсілінің ерекшелігі

 Жаңа оқу жылы жаңа оқулықтарға енгізілген өзгерістермен басталды. Мектеп кітаптарының  мазмұнына көңілі толмаған ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтардың жауабы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда алынды. 2017-2018 оқу жылында еліміздің екінші, бесінші және жетінші сыныптарына енгізілген инновациялық өзгерістер қоғамда қолдау таппаған еді. Жаңартылған оқулықтардың мазмұны мен сапасы туралы  «Мектеп» баспасының бас директоры Ерлан Сатыбалдиев журналистермен кездесу барысында айтып берді.

-Біздің мақсатымыз баланы өздігімен оқуына ынталандыру. Қоғамда түрлі түсініксіз жайттар болып тұрады. Жетінші сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқулығынан ешқандай әбестік көріп отырғаным жоқ. Оқушыны оқытудағы ерекшелік бар деп білем,- деді Ерлан Сатыбалдиев

– Оқулық шығарғанда мұғалімдердің де жағдайын ескереміз. Бұл оқулық 290 беттен тұрады. Методикалық қосымшасы да бар.  Әр тапсырма мен жаттығуға түсіндірмесі бар,- деді баспа диреторы.

Сонымен қатар баспаның ресми сайтының жұмысы жайлы да айтылды. Аталған оқулықтың 1-тоқсанына арналған бөлігінің ПДФ форматындағы нұсқасы белгілі болды. Сондай-ақ, сайтта кітап авторы Зинаида Сабитовамен кері байланысқа шығу мүмкіндігі бар. Автор онда оқулықтың қиындығына байланысты сұрақтарға жауап береді.

Ерлан Сатыбалдиев жетінші сыныпқа арналған орыс тілі кітабын қолданатын мұғалімдер базасы бар екенін мәлімдеді. Онда  үш мыңға жуық мекен-жай мен электронды мекен-жайлар тіркелген.  Енді мұғалім өзі методикалық басқаруды сайттан жүктеп алып, авторға сұрағын жолдаса болады. Кері байланыста сұрағына жауап алады. Бұл елімізде алғаш енгізілген жүйе.

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика