Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсы өткізіледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді.

Жыл сайын 23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер мейрамы аталып өтілетіндігі белгілі. Айгүл щайымова осыған орай ұйымдастырлып жатқан байқаудың маңызына кеңінен тоқталып, конкурстың негізгі мақсатына тоқталды.

«Шараның маңызды мақсаттарының бірі – Мемлекеттік қызмет беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың үздік тәжірибесін тарату, Қазақстан Республикасының үздік кәсіби білімдері мен дағдыларына ие мемлекеттік қызметшілерін анықтау, көтермелеу және оларды ынталандыру. «Үздік мемлекеттік қызметшіні» анықтау мақсатында 9 адамнан тұратын конкурстың коммиссиясыда құрылды», – деді А.Шайымова.

Спикердің сөзінше комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылығы, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері, Парламент палаталарының депутаттары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, халықаралық, қоғамдық, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.

Айгүл Шайымованың хабарлауынша конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілетінді:  салааралық басқару, заңдылықты, халықтың және аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы  басқару, экономиканың нақты секторын басқару, әлеуметтік саланы басқару, мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық, құжаттамалық, қаржылық-экономикалық, шаруашылық және өзге қамтамасыз ету. Әрбір номинацияда байқау екі конкурстық топтар бойынша өткізіледі, менеджмент тобы – барлық деңгейдегі басшылар үшін, функционалдық топ – менеджмент топқа жатпайтын қалған қызметшілер үшін. Конкурстың қорытындысы бойынша әрбір номинация бойынша әрбір конкурстық топтан бір жеңімпаздан анықталады, яғни, барлығы 12 жеңімпаз болады.

Сонымен қатар спикер конкурсқа қатысуға үміткерлерді анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың басшылары іріктеу кезеңін өткізетіндігін мәлімдеді. «Ең көп балл жинаған мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде тағайындалады. Одан кейін олар «Нәтижелерге тиімді қол жетуге бағытталған мемлекеттік аппаратты одан әрі дамыту» тақырыбында көлемі 500 сөзді құрайтын эссе жазады. Эсседе мыналар болуы қажет, ағымдағы жағдайға талдау жасау және болашақтағы перспективаларды сипаттау, іске асырылып жатқан реформалардың жетекшісі ретінде мемлекеттік аппаратты және мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін жаңа және инновациялық тәсілдерді ұсыну, эсседе сипатталған мәселелерді шешуде кандидаттың жеке үлесі туралы атап өту», – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Эссені бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету үшін, эссе екі тәуелсіз сарапшылар арқылы тексеріледі және сарапшылар бір эссені тексеріп жатқанын білмейтін болады.

«Ал «Визит карточкасы» бөлімінде конкурсқа қатысушы өзінің өмірлік және кәсіби басымдықтары туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс. Ол 5 минут ішінде үздік мемлекеттік қызметші болуына және басқа атаққа лайық екенін көрсетіп үлгеру керек», – деді байқау ұйымдастырушылары.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау 23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күніне орайластырылды.

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика