«Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» халықаралық форумы өтеді

Астанада ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 30 маусым күні Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» халықаралық форумы өтеді.
Айтуылы шараны «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда.
«Форумның басты мақсаты – ғылым мен бизнес арасын жандандыру, ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін кеңейтіп, ынтанландыру, ғылыми-зерттеулер мен рейтингі жоғары шетелдің ғылыми журналдарына жарияланатын ғылыми мақалалардың сапасын арттыру болып табылады. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым комитетінің басшылары, Springer Nature, Clarivate Analytics, Яндекс, РосАтом, Еуразия патенттік ұйымының өкілдері және Қазақстанның ғылым-білім мекемелері қатысады» дейді шараны ұйымдастырушылар.
Басқосу аясында арнайы талқылаулар өтіп, отандық және шетелдік мамандар баяндамалар жасап, панельді пікір алмасулар өтеді. Пікір алмасу барысында «Ғылым мен Бизнес Ынтымақтастығы» алаңында «Үшінші жаңғыру және ҚР Ұлттық Технологиялық Бастамалары аясында ақпараттық жүйелердің қорғау, басқару және сараптау», Болашақ энергиясын дамытуда заманауи зерттеулер және болжамдар, «Халықаралық патенттеу – ІТ нарықыта инновациялық жетістіктің маңызды факторы» сияқты тақырыптар талқыланады.
Салтанатты шараның ашылуы барысында еліміздегі «жасыл» энергетика саласын зерттеп, дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар марапатталады. Марапаттауда ғалымдардың «жасыл» энергетика саласы бойынша жоғары сілтемеге ие болған ғылыми мақалалары назарға алынады.
Форум жұмысы аясында Springer Nature және Clarivate Analytics компаниясының өкілдері ізденуші ғалымдар үшін ғылыми журналдарды таңдау, авторлық инструкциясы, сапалы ғылыми мақала дайындаудың жолдары, құрылымдық ғылыми мақалалармен жұмыс істеудің тәртібі, зерттеу жұмысының қорытындысын қорыту (кесте, гарафика, мәліметтер), ғылыми журналдармен хат алмасу сынды маңызды бағыттар бойынша семинар ұйымдастырады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика