Тарихи телехикаялар кинопрокатқа шықпақ

Наурыз айында «Батырлар жолы», «Алтыншы бекет» атты тарихи толықметражды фильмдер кинопрокатқа ұсынылады. Аталған кино туындылардың негізінде түсірілген телехикаялар «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады. Бұл жөнінде «Хабар» агенттігінің жыл қорытындысы мен 2018 жылғы жоспарларына арналған баспасөз конференциясында айтылды.

«Батырлар жолы» – бабаларымыздың рухын, батырлардың жолын көрсететін, жоңғар – ойраттармен  шапқыншылық кезіндегі бабаларымыздың ерлігін жастарға үлгі ететін тұңғыш тарихи телехикая. Биылғы жылдың басты кинопрьемаларының бірі десек артық айтқандық емес. «Алтыншы бекет» – бұл да шынайы оқығаларға негізделген батырлықты дәріптейтін кино туынды»,- дейді «Хабар» агенттігі Басқарма Төрайымының орынбасары Ренат Кертаев.

Сонымен қатар, телеарнаның көрнекті қоғам қайраткерлері және өнер, мәдениет тұлғаларына арналған жаңа жобалары да бар. Ренат Думанұлының мәлімдеуінше, көктемнен бастап «Тарих. Тағдыр. Тұлға» атты деректі кинолар циклы  көрермен назарына  ұсынылады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика