Тұңғыш рет инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі өтеді  

 

Дүниежүзілік Конгреске Әлемнің 51 елінен 1000-нан астам делегат қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз конференциясы барысында Конгрестің бас үйлестірушісі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы Төралқасының бас ғылыми хатшысы Гүлбазар Медиева хабарлады.

Спикердің сөзінше WSEC-2017 Конгресі 19-20 маусым аралығында ЭКСПО аумағының Конгресс орталығында өтеді. «300-ден астам шетелдік ғалымдар мен инженерлер Конгресс делегаттары қатарына кірген. Олардың арасында – Нобель сыйлығының төрт лауреаты және “Жаһандық энергия” Халықаралық сыйлығының 8 лауреаты, белгілі сарапшылар, жетекші ғалымдар мен әлемнің ірі энергетикалық компанияларының басшылары бар», – деді Конгрестің бас үйлестірушісі Г.Медиева.

«Біздің форумға 11 беделді халықаралық ұйымның өкілдері келеді. Олардың ішінде Masdar ғылым және технология институты, «Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығын құру бойынша Коммерциялық емес ұйым, Ольденбург Университеті (Германия) және Әлмедік Энергетикалық кеңес, Халықаралық энергетикалық агенттігі (Франция), Инженерлік істің Корольдік академиясы (Ұлыбритания) және басқалар бар», – деп атап өтті спикер.

Өткізілгелі отырған WSEC-2017 инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресін ұйымдастыруға Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы бастама көтерген.

«Жалпы WSEC жұмысы 4 ғылыми блоктардан құрылады. Олар, «Бүкіл әлемдік энергетиканың 2050 жылға дейін дамуының келешегі мен сценарийлері», «Энергетикалық трилемманың балансы: қауіпсіздік, қолжетімділік және экологиялық тұрақтылық», «Әлемдік энергетиканы және Энергетикалық нарықты дамыту тенденциялары», «Ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету», – деп атап өтті ол.

Алматы энергети және байланыс университетінің президенті Ержан Сырғалиев энергетикалық сала үшін жаңа формациядағы кадрларды даярлаудың инновациялық жүйесі туралы айтып берді. Сонымен қатар ол Конгресс барысында Қазақстандағы ЖОО 45 ректорлары және шетелдік ЖОО 18 ректорлары қатысатын «Ғылыми кадрлармен қамтамасыз ету» блогы ұйымдастырылатынын жеткізді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика