Тұрғын үйлерге 80 % жылу берілді

 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика Министрлігінің өкілдері 2017-2018 жж. күзгі-қысқы кезеңін өткізу дайындықтары жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.

Жиынға қатысқан ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясының және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Ағымдағы жылдың басынан бері Республикада 75 млрд. кВтсағ немесе өткен жылғы деңгейден 9,5 %-ға көп электр энергиясы өндірілді және 71,7 млрд. кВтсағ немесе өткен жылғы деңгейден 6,7%-ға көп электр энергиясы тұтынылды», – деді спикер.

Сонымен қатар Сұңғат Есімханов бүгінгі таңда Солтүстік өңірлердің барлығында жылу беру маусымы басталғанын, әлеуметтік барлық обьектілерде жылу беріліп жатқанын, тұрғын үйлерге 80 % жылу берілгенін мәлімдеді.

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика