Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері Қазпошта арқылы тұрғын үй бағдарламаларына еліміздің алысөңірлерінен де қатыса алады

«Қазпошта» АҚ мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ортақ келісімге қол қойды. Қаладан алыс елдімекен тұрғындарына енді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» арнайы барудың қажеті жоқ. Банк салымшылары тұрғын үй құрылыс жинақтамаларын пошта байланысы арқылы жүргізе алады.

Жергілікті Қазпошта бөлімшесіне жеке куәлікпен барып, банктен кемі 15000 мың теңгеден басталатын есепшот ашуға мүмкіндік туды. Депозит ашу пайызсыз, тегін. Банк салымдары мен төлемдері де ақысыз болмақ. Еліміз бойынша Казпоштаның 800 ден астам бөлімшелері жұмыс істейді. Оның 62 пайызы ірі  қалаларда, 38 пайыз аймақтарда орналасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазпошта» АҚ Қаржы қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Күнхожаева мәлімдеді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз клиенттеріне Республика бойынша 17 филиал мен 15 қызмет көрсету орталығы және 150 кеңес беру орталығының жұмыс істейтінін хабарлады. Ал , елімізде ең үлкен филиалды желісі бар Қазпошта арқылы бұл мүмкіндіктер арта түсті. Бұл жоба банктің қызметтерінің қолжетімділігін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар, пошталық операторлар арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы көбірек ақпараттандыру деген сөз», – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары  Жанар Жұбаниязова.

Қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 950 мың жинақтаушы есепшоты ашылып, 460 млрд тенге салым жүргізілгенін атап өтті. Жобаның тағы бір жаңалығы бұрын-соңды банктегі операциялар құны 1пайызды құраса, енді «Қазпошта» АҚ арасындағы  келесім нәтижесінде бұл операциялар тегін жүргізілетін болады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика