Ақтөбе медициналық кластерінде 400-ден астам күрделі оталар жасалды

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан бойынша алғаш ашылған «Aktobe Medical Center» медициналық кластерінің дамуы туралы әңгімеледі.

Бүгінгі таңда аталмыш кластер негізінде бауыр мен бүйректі ауыстыру бойынша және оған қоса 400-ден астам жоғары технологиялық оталар жасалды.  Жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізудегі әріптестер Оңтүстік Корея, Польша, Түркия және т.б. елдеріндегі ең мықты дәрігерлер мен медициналық ұйымдар болып табылады.

Медициналық кластерді дамытуда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктері белсенді қолданылуда. МЖӘ шеңберінде түрік инвесторлары 2,4 млрд. теңге тұратын жедел жәрдем станциясын салды. Сондай ақ жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын, Батыс Қазақстандағы бірегей құрылыс нысаны – Офтальмологиялық аурухана, құрылысы аяқталуға жақын, 300 келушіге арналған қалалық балалар стоматологиялық клиникасы (612 млн тг), позитронды-эмиссионды томогрияфиялық орталық (3,4 млрд тг), екі қалалық емхана (әрқайсысы 2,2 млрд теңге) және 20 денсаулық сақтау мекемесінің құрылыстары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аймақта денсаулық сақтау саласында МЖӘ бойынша жалпы құны шамамен 14 млрд. теңгені құрайтын 26 нысан салынуда.

«Барлық нысандарда ЭКСПО-2017-де ұсынылған неміс, оңтүстік кореялық, австриялық және түрік өндірушілерінің инновациялық әзірлемелері мен жабдықтары қолданылатын болады», – деп атап көрсетті аймақ басшысы.

Сонымен қатар, өңірде өмір сүру ұзақтығын арттыру, жалпы және нәрестелер өлімінің азаюы байқалады. Жыл басынан бері бір де бір ана өлімі оқиғасы тіркелмеген.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика