Ақтөбеде VI «Ақ бидай-2017» республикалық ауыл спорты ойындары басталды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін ең тиімді шаралар қолданылуда.

Ақтөбе облысында бұқаралық спортты дамытудың жоспарлы жұмыстары жүргізілуде, спорт нысандары салынып, өскелең ұрпақтың дене шынықтырумен айналысуы үшін барынша жағдай жасалуда.  Биыл Ақтөбеде алғаш рет «Ақ бидай-2017» республикалық ауыл спорты ойындары өткізілуде.

Спартакиаданың Ақтөбе облысындағы олимпиада резервтерін дайындау орталығында өткен ашылу салатанатына ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев және барлық облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары қатысты.

 

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортшыларды жарыстың ашылуымен құттықтады.

– Елбасы өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында ата-бабаларымыздың мәдениетін, тарихы мен құндылықтарын құрметтей отыра, ең пайдалысы мен қажеттісін алуымыз керек екендігін атап өткен болатын. Салауатты өмір салты «ұлт денсаулығынаның кілті” болып табылады, ауылдық спорт ойындарын өткізу арқылы спорттың бұқаралық түрлеріне деген қызығушылық артады, осыған байланысты ауылдық жерлерде спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалуда.,-деп Ербол Нұрғалиев Ақтөбеде республикалық ойындарды өткізгені үшін мәдениет және спорт министрлігіне алғысын білдірді.

Дода Қазақстанның 14 өңірінен келген 2 мыңға тарта спортшының басын біріктірді. Спартакиаданың бағдарламасында спорттың 14 түрі бар. Олардың қатарында спринттік көпсайыс, көкпар, тоғызқұмалақ, аударыспақ, гір көтеру спорты, жүзу және т.б.

Командалар алты күн бойы спорттың қай түрінен болсын мықты атануға тырысып бақпақ. Жеңімпаздар медальдармен және мақтау қағаздарымен, түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

«Ақтөбе ақпарат» ақпараттық орталығы

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика