Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алғашқы үй тапсырылды

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында«Нұрлы жер» бағдарламасының «Тұрғын үй салуды жекеменшік салушыларының қолға алуын ынталандыру» бағыты бойынша салынған  алғашқы көпқабатты  тұрғын үй тапсырылды.

Жаңа пәтерлердің бақытты иелерін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

«Мемлекет басшысының саясаты Қазақсатан халқының әл-ауқатын арттыруға, атап айтқанда  қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта елімізде мыңдаған қазақстандық отбасының баспана мәселесін шеше алатын мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Облысымыз бірнеше жыл бойы «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкімен» серіктес болып келеді. Соңғы екі жылдың өзінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі арқылы  5 мың пәтер салынды, ,-деді Б.Сапарбаев.

Өңір басшысы Ақтөбе облысының президент тапсырмасын орындау аясында  «Нұрлы жер» бағдарламасын  бірнеше бағыттары бойынша тиімді жүзеге асырып жатқан алғашқы өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында таун-хаустар, көпқабатты үйлер мен коттедждері бар бөлек шағын аудан тұрғызылуда. Коммуникация, жол, мектеп, балабақша мен сауда орындары секілді барлық қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған. Жақын арада жаңа қоныстанушылар алғашқы дайын болған үйдерге көшіп келетін болады.

Сондай-ақ, жаңа қоныстанушыларды «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова, «Сбербанк» АҚ  еншілес банкінің төрағасы Александр Камалов және «Даму» қоры басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов құттықтады.

Жаңа қоныстанушылар тұратын үй бір жыл болмай тұрғызылған. Бұл жалпы аумағы 3 771  шаршы метрді құрайтын 54 пәтерлі  9 қабатты үй.  Ол экологиялық материал болып табылатын қызыл кірпіштен салынған.  Бұл – жаңа қоныстанушылардың пәтерлері жылы, берік әрі төзімді болады деген сөз. Жекеменшік салушы   аталмыш үйдің құрылысы үшін жеңілдік несиесін алды. Есесіне, бағдарламаның шарты бойынша ТҚЖБ салымшыларына      тұрғызылған үйдің 50 пайызын жүзеге асыруды міндетіне алды.  Олар үшін 1 шаршы метрдің құны – 140 мың теңге.

«Тұрғын үй салуды жекеменшік салушылардың қолға алуын ынталандыру» бағытын жүзеге асыруда бірден үш тарап жұмылдырылған. Сонымен, «Сбербанк» құрылысты жекеменшік  салушыға 400 млн теңге сомасына несие желісін ашты. Бұл қарызды жекеменшік салушы жеңілдік шарттарымен алды. Өйткені, «Даму» қоры АҚ тарапындағы мемлекет құрылыс компаниясының несиесі бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінен 7%-ын өтеп берген болатын. Бұл  салынған баспананың шаршы метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік берді. ТҚЖБ өз кезегінде өзінің салымшылары арасында пәтердің 50 пайызын кепілді түрде жүзеге асырды.

Айта кетейік, өңірде тұрғын үй құрылысы белсенді дамуда, егер 2016 жыыл 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, осы жылы 630 мың шаршы метр баспананы тапрсыру жоспарда бар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Яндекс.Метрика