Ақтөбеде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған колледжі ашылды

Салтанатты шараға облыс əкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты.

– Өңірде президент тапсырмасына сəйкес өскелең ұрпақты тəрбиелеу мен білімі үшін барлық жағдай жасалуда. Облыста сегіз мектеп пен үш колледж пайдалануға берілді. Олардың қатарында – өңірдегі спорттың дамуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін сіздердің колледждеріңіз. Мектеп түлектері, үлкен үміт күттіретін спортшылар оқуларын колледдже жалғастырып, жаттықтырушы-оқытушы мамандығын игере алады. Сіздердің сапалы білім алуларыңыз үшін мұнда барлық жағдай қарастырылған. Бүгінде колледж аумағында спорт кешенінің, стадионның құрылысы, сонымен қатар, жатақхананың жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Біз аталмыш оқу ғимаратының батыс өңіріндегі ең мəртебелісі болатынына, ал оның тəрбиеленушілерінің ең биік көрсеткіштерге қол жеткізетіндеріне сенімдіміз,-деп атап өтті оқушылар мен оқытушылар құрамын колледждің ашылуымен құттықтаған Ербол Нұрғалиев.

Сондай-ақ, жас спортшыларды білім күнімен танымал қазақстандық спортшылар, жаттықтырушылар да құттықтады.

«Ақтөбе ақпарат» орталығы

Comments are closed.

Яндекс.Метрика