Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы топ жұмысын қортындылады

«Шенеуніктер қызметтік автокөліктеріне арнайы жапсырмаларды орнату арқылы  жеке мақсаттарына пайдаланып жүр» деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топтың жиналысында осы топтың мүшесі Айгүл Соловьева.

Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерін жеке мақсатта пайдаланған фактілер анықталды, ол  адамдар тиесілі жазасын алды, – деді Айгүл Соловьева.

Сондай-ақ жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Айгүл Соловьева мемлекеттік органдарда еңбек заңнамасының да дұрыс сақталмайтыны туралы айта  келіп, қоғамдағы азаматтарымызды өз азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіруге шақырды.

Сонымен қатар, бұл жиналыста электрондық кезекті енгізу, қызметті өзгерту, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру, көші-қон сақшысы, Қазпочта және ХҚКО қызметкерлерінің жұмыс кестелерін үйлестіру, азаматтарға қызмет көрсету кезінде эксаумақтық принсипті енгізу, барлық деңгейдегі әкімдердің қызмет көрсететін ұйымдардың  жұмысын жақсартуға қызығушылығы мен өзара іс-әрекеттің күшеюі, «делдалдар» мен жеке мүдделерді қолдауды жою бойынша барлық өңірлерде жұмыстар атқарылғаны айтылып өтті.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика