Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған  бірінші кезеңінің нәтижесі, 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың сыртқы сараптамасы мен бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобы мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Муксимовтың мәлімдеуінше, 2015 жылдың нәтижесімен салыстырғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсене қатысуға дайын азаматтардың үлесі 12 %-ға  көбейген, яғни 44 %-дан 56%-ға дейін. Ал сыбайлас жемқорлық оқиғаларын хабарлаған 226 адамға 31 млн.теңге сыйақы берілген.

«Агенттік төрағасының бастамасымен Қоғамдық бақылау картасын  енгізу жөнінде  мәселе қозғалды. Сондай-ақ, Арнайы мониторингтік топтың көлемін, құрамын қайта қарап, тек республикалық деңгейде емес, облыстық, аудандық деңгейде жұмысын жалғастыру жоспарлануда», – дейді Салауат Муксимов.

«Мемлекеттің бір өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетістікке жете алмайды. Төртеу түгел болып біріксек қана нәтижиеге қол жеткіземіз. Мемлекет өз тарапынан ашық түрде жұмыс істеп, қоғам соны қолдаса, бизнес өкілдері де сыбайлас жемқорлықсыз адал жүрсе, мемлекет азаматтары да өз тарапынан мұндай жағдайларға жол бермегенде ғана сыбайлас жемқорлықты азайта аламыз», – дейді «Атамекен» ҰҚК өкілі Мұрат Әбенов.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика