Спортшылар Генадий Головкиннің жекпе-жегіне баға берді

Орталық коммуникациялар қызметінде Генадий Головкиннің мексикалық боксшы Сауль Альвареспен өткізген жекпе-жегіне  кәсіби спортшы, сарапшылар өз бағасын берді.

Баспасөз конференцияға қатысқан «Афина-2004» олимпиада ойындарының чемпионы,  халықаралық спорт шебері Бақтияр Артаев Генадий Головкинмен бір залда жаттығып, оның кәсібилігіне куә болғанын айтты.  Сауль «Канело» Альвареспен ендігі жекпе-жек желтоқсан айына жоспарлануы мүмкін екенін айтты.

  • Спортшыларға қандай да бір кедергілер болуы мүмкіндігін ескеретін болсақ, жекпе-жек 2018 жылдың ақпан айына дейін ғана ұзартылуы мүмкін. Генадиий бұл жолы да WBO белбеуін қорғайтынына сенеміз,- деді Бақтияр Артаев.

Сонымен қатар, баспасөз конференцияға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев, олимпиада ойындарының чемпионы, және ҚР ММА Ұлттық федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов жекпе-жек алаңында әділетсіз жағдайлар болғанын тілге тиек етті.

ҚР ММА Ұлттық федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов,  «Канелоның жекпе-жегі бізге керек. WBO белбеуі кімге бұйыратыны шешіледі. Бірінші кездесудегі жанкүйерлердің түсініксіз қалған жағдайына нүкте қойылуы керек»,-  деген ой білдірді.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика