«Сот кабинеті» сервисі құжатты электронды рәсімдеуге мүмкіндік береді

 ҚР Жоғарғы сотының «Сот кабинеті» сервисі арқылы биылдың өзінде электронды 521 473 құжат берілген. Жартыжылдықта электрондық түрде берілген өтініштер 89,8% құраған. Жалпы сотқа ісі түскендер саны екі миллионнан асқан. Бүгінгі таңда 1 418 сот залы АБТ жүйесімен жабдықталып, енді сот отырысының 98%-ы дыбыс және бейне тіркеу арқылы жүргізіледі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына» арналған баспасөз конференцияға қатысқан Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов, 2017 жылдың тамызында Сот органдарының ахуалдық орталығы іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл кез келген іс бойынша процестік іс-әрекеттерді өтінішті тіркегеннен бастап атқару парағын жолдағанға дейін орталықтан бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жергілікті соттардың ғимараттарын салу жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен төрт типтік сот ғимаратының құрылысы басталды. Бұл – Алматы облыстық, Ақмола Қарағанды және Жамбыл облысы аудандық сот ғимараттары.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика