Сергей Цырульников: Қазақта «Рух» деген жақсы сөз бар…

Қажымұқан Мұңайтпасов туған топырақта дүниеге келген, Қазақстанның белгілі рекордсменшісі Сергей Цырульников жылқыны енді иыққа емес тіске салып көтеретінін мәлімдеді. Бұған дейін күш иесі өкпе және бұлшық еттерінің күшін көрсетіп, 7 медициналық резеңкелі жылытқыларды 58 секундта жарды. Бұл Қазақстан рекордтар кітабының өкілдерімен бекітілген Қазақстан және әлем рекорды болды, деп хабарлайды ortcom.kz
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Сергей Цырульников Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақты үлгі тұтатынын айтты. Сонымен қатар, қазақы рухтың адамға рухани және физикалық күш беретініне сенетінін жеткізді.
– Қазақ даласының өз батырлары болған және бар. Бізге батысқа еліктеудің еш қажеттілігі жоқ. Өзім Қажымұқан Мұңайтпасовтың жерелесі болғаныма мақтанамын. Оның ел білетін барлық трюктарын орындап шықтым. Қажымұқанмен француз күресінде чемпион болған тұңғыш қазақ ретінде мақтануымыз керек, – деді ол.
Қара күш иесі жақында жаңа рекордтар болатынын мәлімдеді. Өз замананында екі жылқыны көтерген Қажымұқанның ерлігін, төрт жылқыны көтерумен қайталайтынын мәлімдеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика