«Сән мен Сахна» Миланда

Халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалі үшінші жыл қатарынан халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын Миланда өтетін сән көрсетілімінде таныстырмақ. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар Қызметінде  Милан қаласында өтетін  сән апталығына арналған баспасөз конференциясында айтылды.

«Жыл сайын біздің фестиваль өз жеңімпаздарын Италияда таныстырады. Бұдан бөлек Отандық дизайнерлерге Әзербайжанға және Түркияға баруға мүмкіндігі бар», – дейді Халықаралық «Сән мен сахна» фестивалінің бас директоры, дизайнер Ханум Айдаш.

Жоба жетекшісі Мереке Нұрмұханованың айтуынша, жас дизайнерлер арасында байқау өткізу мақсатында 5 жыл қатарынан еліміздің барлық аймақтары қамтылды. Фестиваль арқылы жас дизайнерлер қарапайым ательеден бастап халықаралық, жоғары дәрежедегі дизайнерге дейін өсуге мүмкіндік алатын үлкен бастама болмақ.

«Нәтижелі он жыл жұмыстың арқасында фестиваль 50-ден астам Қазақстандық жас дизайнерлерге бастама жасап, еліміздің эстрада мен кино индустриясы, Отандық телеарналары үшін 20-дан астам имиджмейкер дайындады», – дейді Ханум Айдаш.

Биыл Халықаралық «Сән мен сахна» фестивалі өзінің онжылдық мерейтойын атап өтеді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика