Рухани жаңғыруға басты үлес қосатын әйелдер болмақ

Бұл жөнінде Дін және азаматтық қоғам министірлігі мен Орталық коммунгикациялар қызметінің қолдауымен «Болашақ жастар және саясат» жеке қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында өткен мәслихатта «Әлеумет тынысы» ақпараттық сараптамалық журналының бас редакторы Қамажан Ғабдрашқызы айтып өтті, – деп қабарлайды Ortcom.kz сайты.

Рухани жаңғыру деген Елбасымыздың мақаласы шыққанымен, біз соны қаншалықты түсініп жатырмыз. Не істелгені жөн деген сұрақ алдымызда тұрғаны да шындық. Ал, ең бастысы рухымызды көтеру үшін әйелдер мәселелесіне, аналар тағдырына зер салуымыз керек. Себебі, кез келген биіктік ошақ қасындағы тәрбиеден басталады. Ұлы аналарымыз өз тәрбиесі арқылы даналарды ұлтымызға сыйлап жатады. Сондықтан да, қыздар мәселесі өзекті дей келіп мына кісілердің сөзін тілге тиек етті.

Оспанқұлов Ғабидолла: ақыл сөздердің ішінде шығыс даналығынан асқан сөз жоқ санаймын. Сол даналарымыздың сөзінде, әйел баласы үшін ана тілінде сөйлей жүріп, отбасылық тәрбиемен айналысудан артық жұмысы жоқ. Және ұлттық тілге қанып өскен адам ең маңызды адам ретінде танылады. Сәйкесінше Жапония мемлекетінде әйел баласына бала тәрбиесін міндет ретінде жүктейді. Дәстүрлі емес құндылықтар ол жерге кіре алмайды. Олар салт дәстүріне негізделген мықты даналықтарын басты назарда ұстаған».

Ал «Жастар ғылми зерттеу» орталығының басшысы Тариев Талғатта: Бұрынғы халқымыз әйелдерге ұрпақ тәрбиесінде жүктелетін міндетті барынша сезінген. Бар жақсылық ана сүтімен берілетіні дәлелденген дүние. Қазір отбасын құрмаған, отыздан асып бара жатқан қыздарымыздың саны артуда. Мансап қуып жүріп, отбасы жайлы ойлануды мүлде қойып барады деп шырылдап еді. Сондықтан да, ұлтымыз шынымен де рухани жаңғырғысы келсе, елімізді биіктерден көргіміз келсе Дін және азаматтық қоғам инистірлігі қыздар мәселесіне жайбарақат қарамауын сұраймын, деді Қамажан Ғабдрашқызы.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика