«Үркер» ұлттық сыйлығын кімдер алды?

28 маусымда Астанада «Үркер» ұлттық сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлықта биыл сәуір айында ақпарат және коммуникация министрлігі тағайындаған еді.
«Үркер» ұлттық сыйлығы телерадио, мерзімді баспасөз және интернет журналистика саласында 15 аталым бойынша сарапқа салынды. Жалпы сыйлық қоры 15 миллион теңге болған «Үркердің» жеңімпаздарын анықтаған қазылар құрамында Қазақстан журналистикасының мэтрлері, қоғамдық тұлғалар және сарапшылар болды.
Сөйтіп, «Үркер» ұлттық сыйлығының тұңғыш иегерлері анықталып, ресми түрде марапатталды. Қазнеттегі үздік сайт болып «Massaget.kz» интернет-порталы танылса, өзге аталымдардың жеңімпаздары төмендегідей түзілді:
«Журналистикадағы дебют» – Мөлдір Иманмәди,
«Үздік фотография» – Ерлан Омаров,
«Үздік сараптамалық материал» – Валентина Фиронова,
«Үздік репортаж» – Олжас Беркінбаев,
«Қазақстан туралы үздік танымдық материал» – Думан Анаш, «Егемен Қазақстан»,
«Үздік халықаралық сараптамалық материал» – Зарина Ахматова,
«Үздік журналисттік зерттеу» – Жанболат Аупбаев,
«Үздік сұхбат» – Виктория Говоркина,
«Үздік мамандандырылған басылым» – «Дружные ребята»,
«Жылдың үздік журналы» – «National Geographic Kazakhstan»,
«Үздік республикалық мерзімді басылым» – «Айқын» газеті,
«Үздік аймақтық басылым» – «Рейтинг» газеті (ОҚО),
«Үздік радиобағдарлама» – «Ән домбыра», «Шалқар» радиосы.
«Үздік аймақтық радиостанция» «Астана» радиосы.
Ал, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры өз атынан Informburo.kz сайтын қазнеттегі үздік сайт деп танып, арнайы сыйлық табыс етті.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика