Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінетін шығыны 12 пайызға артып, 4 трлн тенгеден асатын болады

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова «2018 жылы 10 қаңтардағы ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атқаратын міндеттері» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді. Жиын барысында ол республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінетін шығыны 12% артып, 4 трлн тенгеден асатынын мәлімдеді.

«Елбасы Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет үшін әлеуметтік саясаттың басымдықтары оның ішінде негізгі бағыттарының бірі адами капиталды дамыту екендігін тағы да қадап айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай биыл республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінетін шығыны 12%-ға артып, 4 трлн тенгеден асатын болады. Елбасының биылғы жолдауын ескере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек саласын дамыту бойынша алдыға нақты міндеттер қойып отыр», – вице-министр.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика