Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А. Дворкович: ЭКСПО-2017 тақырыбы жаңа энергия көздерінің қолданыс аясын кеңейтумен тығыз байланысты

 

Әлемдік энергия балансында жаңартылатын энергия көздері саласының үлесі қарқынмен өсуде. Бұл туралы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіндн Ресейдің Ұлттық күнін мерекелеу барысында Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович мәлімдеді. Өз сөзінде А. Дворкович «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 тақырыбы климаттың өзгеру нәтижелерін еңсеру және жаңа энергия көздерінің қолдану аясын кеңейтумен тығыз байланысын атап өтті.

«Ресей жаһандық отын – энергетикалық кешені көшбасшыларының бірі және әлемдік нарыққа аталған ресурстарды жеткізу саласында дүниежүзілік энергетикалық қауіпсіздік кепілдерінің бірі болады. Жаңа технологияларды құру, меңгеру арқылы жүйелі даму жолындамыз. Елімізде жаңартылатын энергия көздері саласында Ресей ғалымдар мен инженерлерге мемлекеттік қолдау көрсету бойынша тиісті шаралар мен саясат жүзеге асырылуда. Ресей өнеркәсібінің технологиялық әлеуеті артуда, жаңартылатын энергетика үшін жабдықтама өндірілуде», – деді РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар  Мамин «Болашақ Энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізу – жаңа технологиялар және жаңартылатын энергия көздерінің дамуына ықпал ететіндігін атап өтті. Өз сөзінде Асқар  Мамин Ресей Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі екендігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, екі ел арасында сауда қатынастары қарқынды дамып, өңірлер арасындағы байланыстар кеңейтілуде.

«Екі елдің іскерлік қоғамдастық ынтымақтастықтың транзиттік-транспорттық, энергетикалық, инвестициялық салаларында жаңа перспективті жобаларды дамытуда. Екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көшті. Ресейдегі озық технологиялардың жоғарғы даму деңгейін ескеріп, қолданбалы ғылым, ғарыш салаларында ортақ жобалар жүзеге асырылуда. Өзара тиімді ынтымақтастықты алдағы уақытта нығайту және экономика саласындағы бірлескен жобаларды құру қажет деп санаймын. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары 21 ғасырда мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастың даму үлгісі болып табылады», – деп мәлімдеді Асқар  Мамин.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика