Р. Янкаускас: «ЭКСПО – барлық қатысушылар үшін үлкен шоу болмақ»

«Біздің мемлекет түрлі ЭКСПО көрмелеріне қатысып жүр. Сондықтан Қазақстанда өтетін «ЭКСПО -2017» көрмесінде біз еліміздің алдыңғы қатарлы технологияларын көрсету мүмкіндігі үшін шынайы қуаныштымыз», – деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Литваның ұлттық секция Комиссары Ромас Янкаускас мәлім етті.
Айта кетейік, Астанада 22-23 ақпан аралығында «ЭКСПО-2017» көрмесі халықаралық қатысушыларының үшінші жиыны өтті. Аталған шараға 100-ден астам елдің 326 делегаты, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер, бизнес пен трансұлттық компаниялар және ЭКСПО демеушілері мен серіктестері қатысты.
Ұйымдастырушылар жиын қатысушыларына ЭКСПО көрмесінің дайындық барысы, құрылысы туралы баяндады. Оған қоса, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу кезеңдері талқыланды. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығы расталды.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика